Студенттер Қазақстанның ғарыш картасын жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алып жатқан С. Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университетінің студенттері ғарыш түсірілімдерінің растрлық негіздерін құрау бойынша арнайы бригадаларда жұмыс істеуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне геоақпараттық жүйелер орталығының директоры Фараби Ермеков айтты.

Студенттер Қазақстанның ғарыш картасын жасайды

«Бір ай бұрын 1-4 курс студенттері арасында ұран тасталды. Сабақтан тыс уақытта мамандық бойынша жұмыс жүргізетін бригада құрамыз. Алдағы уақытта ақылы жұмыс көлемін алуға тырысамыз. Тиісінше, балалардың мамандық бойынша ақша табу мүмкіндігі бар, олар студенттік жылдарында еңбек кітапшасын ала алады. Бұған бірден 200 студенттің 120-сы жазылды, - деп атап өтті Ф. Ермеков.

Студенттік бригада - ашық пайдаланудағы ғарыш түсірілімдерінен Қазақстанның растрлық негізін құру міндетін таңдады. Студенттер 15 бригадамен 59000 парақ карта жүктеді.

null

«Енді бізге компьютерлік сыныптардан студенттерді қууға тура келеді. 37 компьютерде тәуліктеп жұмыс жасалады. Деректер ағынын қабылдап үлгермей жатырмыз. Қазір бізде ғарыш түсірілімдерінің базасы бар! Ең бастысы - студенттердің құлшынысы керемет», - деп әсерімен бөлісті орталықтың директоры.

Көптеген ғылыми және практикалық бастамалар ұсынған Фараби Ермековтің айтуынша, бұл экспериментке басқа да мамандарды тарту қажет, сонда тетіктің қуаты он есеге артады. Бұл жастардың студент кезінен бастап заманауи ғарыш технологияларын пайдаланып, елдің ауқымды жобаларына қатысуына ықпал етеді.

null