Студенттер күлсалғыш жасау үшін зираттағы мәйітті қазып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ростов облысында студенттер өлген адамның сүйектерінен кәдесый жасау үшін азғана уақыт бұрын көмілген мәйітті қазып алған.
17 жастағы қыз өзінің 19 жастағы құрбысы мен 18 жастағы танысын осы жылдың қаңтар айында жер жерленген егде әйелдің мәйітін эксгумациялауға көндірген. Жастар зираттан мәйітті алып шығып, одан әйелдің басы мен қолының саусақтарын бөліп алған. Кейінірек олар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бас сүйектен күлсалғыш жасағылары келгенін түсіндірген. Ал қол сүйектеріне бал ашуда пайдалану үшін олар руна, ежелгі скандинавиялық белгілерді салмақ болған. LifeNews телеарнасының мәліметтері бойынша жастардың бәрі толыққанды отбасылардан шыққан. Қыздардың біреуінің анасы ветеринарлық клиникада бас дәрігер боолып қызмет етеді. Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ал 84 жастағы зейнеткердің мәйіті сараптамаға жөнелтілді.