Студенттер театры «Миллион раушан гүлін» сахналайды

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 14 сәуірде Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Миллион раушан гүл» қойылымы болады.

Студенттер театры «Миллион раушан гүлін» сахналайды

Оны  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біз» студенттер театры сахналамақ. Құрылғанына алты жыл болған бұл өнер ұжымы бұған дейін көрермен назарына «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!» «Бағдаршам», «Ол көктем оралмайды»  сияқты қойылымдарын ұсынған болатын.

2006 жылдың сәуір айында өз  шымылдығын «Адаспаңдар» қойылымымен ашған  бұл театрдың көркемдік жетекшісі және режиссері Ғалымжан Сайлаубеков. Мүшелерінің 70-80 пайызын филология факультетінің студенттері құрайтын өнер ұжымы өздері сахналаған барлық туындының сценарийін өздері жазған болатын. Бұл үрдіс бұл жолы да өз жалғасын тауып отыр.