Студенттер - ұлтымыздың болашақ зияткерлік элитасы - Президент Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының кеңесшісі
Бұл туралы Президент Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының кеңесшісі Жанар Шөкеева Қазақстанның Студенттер альянсы слетінің аясында кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Қамқор» еріктілер қозғалысы слетіне қатысушыларға арнаған сөзінде айтты.
«Осынау қозғалысқа атсалысуға әзір жастарымыздың көптігі қандай жақсы. Менің ойымша, еліміздің келешегі сенімді қолда», деді Ж.Шөкеева өз сөзінде. Елімізде көмекке мұқтаж жандардың көп екенін атап көрсеткен Ж.Шөкеева, қазақстандық студенттердің «Қамқор» қозғалысына қатысуы олардың ізгілікке және қайырымдылыққа деген ынта-ықыластарын паш ететінін жеткізді.
«Қамқор» еріктілер қозғалысы Қазақстанның Студенттер альясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы жылдың ақпан айындағы бірлескен шешішімен құрылған болатын. Еріктілер қозғалысының міндеті - мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және басқа да мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсетумен айналысатын студенттік еріктілер жасақтарын құрумен және олардың жұмыстарын үйлестірумен айналысу.