10:29, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Студенттер жоғалған мексикалық штатта күйіп кеткен адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Студенттер жоғалған мексикалық Герреро штатының Кокула қаласының маңында тағы да адам мәйіті табылды.
El Universal хабарлағандай, Кокула маңында желтоқсанның басында жоғалған студенттердің бірінің мәйіті табылған. Қазір бұл ақпарат Мексиканың бас прокуратурасына жіберілді.
Еске сала кетейік, білім беру реформасына наразылық білдірген бір топ студент 26 қыркүйекте оларды полицейлер алып кеткеннен кейін із-түзсіз жоғалған болатын. Студенттердің жоғалуына «Біріккен жауынгерлер» қылмыстық тобының мүшелері кінәлі деген күдік бар. Алты студент оқиға орнында қаза тапқан. Ал 43-і із-түзсіз жоғалған деп есептеледі.