Студенттерді еңбекпен қамту деңгейі төмен болып отыр - Гүлшара Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері бойынша Комиссияның кезекті отырысы өтті.

Студенттерді еңбекпен қамту деңгейі төмен болып отыр - Гүлшара Әбдіқалықова

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жастарды даярлауға және еңбекпен қамтуға баса назар аударылады. Бұл - білім беру және халықты жұмыспен қамту сферасындағы басымдықтардың бірі. Кімді және қалай даярлайтынымызды білуіміз керек», - деді Г.Әбдіқалықова.

Вице-премьер бастапқы кезеңде Комиссия бірқатар ЖОО-дарының қызметін қарағанын, проблемалық мәселелер анықталғанын атап өтті, сәйкеспеушіліктерді жою бойынша ескертулер жасалды. Одан әрі Комиссия түлектердің еңбек нарығындағы сұранысқа ие екендігін, дайын мамандар алған білімдеріне сәйкес өздерін жүзеге асыра алатындығын анықтауға тура келеді.

«Комиссия студенттерді еңбекпен қамту қазіргі уақытта орта есеппен алғанда 60%-дан төмен, ал жеке ЖОО-дарының есептілігі түлектердің 84% еңбекпен қамтылғанын көрсеткенін анықтады. Еңбекпен қамту деңгейі неге төмен екендігін және нақты көріністі талдауымыз керек», - деп басып айтты Гүлшара Әбдіқалықова.

Комиссия ЖОО-дарының білім беру стандарттарына сәйкестігіне, түлектердің сұранысқа ие болушылығына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына инвестицияларға және материалдық-техникалық базаға қатысты қызметін зерттеді.

ҚР БҒМ мәліметінше, елімізде мамандарды қайта шығару және гуманитарлық және жаратылыстану-ғылым профиліндегі мамандарды қайта шығару байқалуда. Барлық мамандықтардың 61% қайталанады. Кадрлардағы өңірлік талаптардың әлсіз есебі, сырттай оқу үлгісі еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандарды даярлаудың тым көптігіне алып келеді.

Сонымен қатар, ЖОО-дарының саны тым көтеріңкі деп бағаланады. Оған қоса, отандық ЖОО-дары білім берудің жоғары сапасын әзірге көрсете алмай отыр. Келесі жылдың соңына дейін Комиссия республиканың бірқатар ЖОО-дарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын қарауды жоспарлап отыр. Индустрияландыру картасына, өңірлердің әлеуметтік дамуы бағдарламаларына, кадрлардың сұранысқа иелігіне және мамандарды даярлау бағыттарына сәйкес ЖОО-дарын ірілендіру немесе оларды өңірлік мамандандыруды есепке ала отырып, колледжерге түрлендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу күтілуде