Студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдайтын кәсіпорындардың ұлттық реестрін жасау қажет – Ерлан Сыдықов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ЖОО студенттерін өндірістік тәжірибеге қабылдайтын кәсіпорындардың ұлттық реестрін жасау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдайтын кәсіпорындардың ұлттық реестрін жасау қажет – Ерлан Сыдықов

«Жоғары оқу орындары ел экономикасының өндірістік саласымен байланысын дамыту мәселесін де талқылаған жөн. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі шешуіміз қажет. Біздің кәсіпорындармен қарым-қатынасымызды интеграциялауға мүмкіндік беретін бұл шынайы процестің, өкінішке қарай, бірқатар кемшіліктері бар. Студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдайтын ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің ұлттық реестрін жасау қажет. Тәжірибе заманауи технологиялық желілері мен заманауи технологиялық инновациялары бар жерде өткізілуі керек. Өндірістік тәжірибе өткізу құқығын сертификаттау қажет. Бұған кәсіпорындар да, университеттер де мүдделі», - деді Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректоры Ерлан Сыдықов республикалық ректорлар кеңесінің отырысында.

Оның ұсынуынша, өндірістік тәжірибе уақытын кем дегенде 2 есеге арттыру керек.

«Осы ұсыныстарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауына енгізуді ұсынамын. Өздеріңіз білесіздер жазда өндірістік тәжірибеге студенттерге жетекшілік ету үшін жас оқытушылар жіберіледі. Өндірістік тәжірибеге кафедраның жетекші педагогтарына, ғылыми қызметкерлерге ғана жетекшілік етуге рұқсат беруді ұсынамын. Жоғары оқу орындарының тарапынан кәсіпорындарды қолдау тұрғысында ірі жоғары оқу орындарының базасында инженер-техникалық қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру орталықтарының республикалық жүйесін құру және дамыту қажет», - дейді ол.