Студенттердің фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Студенттердің жыл сайынғы фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаментінен.

Студенттердің фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

«Үздік сценарий» аталымы бойынша Әмір Сәлім ("Прохожий"), «Үздік оператор» Санатжан Аймуқанбетовке ("Все в твоих руках"), «Үздік ер адам рөлі» Хафиз Ақбергеновке ("Выбор"), "Үздік әйел адам рөлі" аталымы бойынша жүлде Әсия Тайжановаға ("Вперед") бұйырды.

Студенттер бір ай бойы салауатты өмір салты, моральдық құндылықтар және этика тақырыптарына қысқаметражды фильмдер түсірді. Студенттердің фильмдер фестивалі 2014 қазақтың ұлы режиссері, актер әрі халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туған күніне орайластырылды.