Студенттердiң кәсiпорындарда мiндеттi өндiрiстiк практикадан өтуi заң жүзiнде бекiтiледi

Осындай норманы қарастырып отырған "ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР заңының жобасы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң бiрiншi оқылымында мақұлданды.
Заң жобасы бiлiм беру жүйесiн жетiлдiруге бағытталған.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқудың екiншi курсынан бастап, студенттердiң кәсiпорындарда мiндеттi өндiрiстiк практикадан өтуi заң жүзiнде бекiтiледi. Бұл жұмыс берушiлердiң практикадан өту үшiн жұмыс орындарын ұсыну мiндеттемесiн белгiлейдi, салалық мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсiпорындардың кадрлар даярлаудағы жауапкершiлiгiн арттырады", - делiнген заң жобасының қорытындысында.
Баяндамашы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов аталған ереже жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуге де мүмкiндiк берiп, олардың жұмысқа орналасу және Елдiң индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысу деңгейiн арттырады деп есептейдi.
Заң жобасында "дуальдi оқыту" ұғымы бекiтiледi, бұл да кәсiпорындарында өндiрiстiк оқыту мен практикаға басымдық бере отырып, бiлiктi кадрлар даярлау кезiнде жұмыс берушi мен оқу орнының жауапкершiлiгiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
Уәкiлеттi органның ЖОО студенттерiнiң мiндеттi өндiрiстiк практикасын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындау, сондай-ақ дуальдi оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi құзыретiн белгiлеу ұсынылады.
Түлектерге жұмысшы бiлiктiлiгiнiң белгiленген және жоғарылатылған деңгейiн бере отырып, тегiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мемлекеттiк кепiлдiк ретiнде көзделедi. Бұл жастардың техникалық және кәсiптiк бiлiм алуға қол жеткiзуiн және оның тартымдылығын арттырады, олардың алғашқы жұмысшы мамандығын алуына мүмкiндiк бередi.
Айта кетейiк, жұмыс тобы аталмыш заң жобасының 400-ден астам түзетулер мен ұсыныстарды қарады. Олардың көпшiлiгi бойынша келiсiлген шешiм қабылданды. Мәжiлiстiң барлық комитеттерi заң жобасына оң қорытындыларын бердi.