Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Студенттердің дауыс беруі қамтамасыз етіледі - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Құрылтай депутаттарын сайлау мерзімі 23 тамызда өтеді, яғни осы кезең студенттердің каникулына сәйкес келіп тұр. Бұл ретте студенттердің дауыс беруі қалай қамтамасыз етілмек?

Сайлау-2026: дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін қалай алуға болады
Фото: Астана әкімдігі

Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді.

- Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру үшін оқу орындарына түскен студенттермен тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша нақты жұмыстар іске асып жатыр. Бұл ретте тиісті деңгейде ұйымдастырылып, міндетті түрде әрбір 18-ге толған студенттің дауыс беруі қамтамасыз етіледі. Министрлік тарапынан сайлауға қатысты жоғары оқу орындарының ректорлары және жауапты мамандармен жиналыстар өткізіліп жатыр, - делінген комитеттің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, тамыз айының басында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы сайлау кезінде студенттердің тізімін нақтылауға қатысты тапсырма берді.