Студентті қағып кеткен мұғалім ісі облыс әкімінің бақылауына алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының іргесінде мас күйінде рульге отырған мұғалімнің студентті қағып кетуіне байланысты қозғалған істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Ақмола облысының Полиция департаментіне тергеу амалдарын әділ жүргізуді, облыстық Денсаулық сақтау департаментіне жас жігіттің сауығып шығуына барлық күш-жігерді салуды тапсырамын», - деп жазды облыс әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде «Mazda» автокөлігін басқарған күдікті ауыл көшесімен жүріп келе жатып, «Нұрлы көш» кентіне апаратын қара жолға шығады. Сол кезде жолдың бойында жаяу кетіп бара жатқан жасөпірімді қағып кетеді. Зардап шеккен студент Ақмола облысының балалар ауруханасына жатқызылады.

Соңғы жаңалықтар