Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары күзгі жұмыс маусымын саралады

None
None
АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары" жастар қоғамдық бірлестігі

"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафон-эстафетасының аясында жүргізілген күзгі жұмыс маусымын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісін өткізуде. Бірлестік штабының жетекшісі Мұрат Көшімбайдың айтуынша, күзгі жұмыс маусымына қаладағы 7 жоғары оқу орнынан 304 студент қатысқан. Студенттік құрылыс жасақтарында болған студенттер күніне 4 сағаттан жұмыс жасап, айына 20 мың теңге еңбекақы алды. Олардың жалақысын коммерциялық ұйымдар белгіленген жұмыс көлемі аяқталған кезде бірден төлесе, мемлекеттік мекемелер біршама кешіктіріп берген.

"Алдағы жылы студенттік құрылыс жасақтарына қатысушылар саны ұлғаюы мүмкін. Мәселен метроқұрылысының 1-желісінің екінші кезеңінің жұмысына байланысты Қ. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетіндегі кейбір студентер Алматы метропролитенінде еңбек етпек. Сондай-ақ Алатау ауданындағы өнеркәсіптік аймақ пен 2017 жылы өтетін Қысқы универсиада ойындарына байланысты жаңа құрылыс нысандары салынбақ. Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарына қатысушылардың "Жасыл ел" бағдарламасына да қатысып, қосымша табыс табуға мүмкіндігі бар", - дейді С.Амангелдұлы.

Соңғы жаңалықтар