11:28, 03 Қазан 2017 | GMT +5
Студенттік несиелерді өтеуді бақылау жүйесі іске қосылды - Дәурен Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында электронды білім беру мәселелері қаралды. Осы орайда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталған саланың техникалық жағын баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде білім беру саласындағы 64 мемлекеттік қызметтің 16-сы автоматтандырылды. Қалған 48 қызмет әлі де электронды нұсқаға көшірілген жоқ. Соның басым бөлігі жергілікті билік пен ұйымдарға тиесілі. «Ал техникалық тапсырмаларға келсек, нақты үш жоба бар. Олар - білім беру мәліметтерінің ұлттық базасы, мемлекеттік және студенттік несиелерді өтеуді бақылау жүйесі, сондай-ақ «Болашақ» ұлттық ақпараттық жүйесі. Соның ішінде «Болашақ» пен несиелерді өтеу жобалары өндірістік эксплуатацияға тапсырылды», - деді Абаев.
Бұдан бөлек, балабақшаларды автоматтандыру жұмысын да күшейту керек. Оған жергілікті билік жауап береді. Білім беру саласындағы серверлер мен құрал-жабдықтардың тозуы да анық байқалады.