«СТВ» телеарнасының командасы боулингтен журналистер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында боулингтен Әуезов ауданы әкімінің кубогы үшін жарыс өтті.
«Family» паркінің Боулинг орталығында өткен бұл шара журналистер күніне орай ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты - Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын, «Қазақстанның 2011-2020 жылдарға мемлекеттік дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мәдениеті мен спортты көтеру және дамыту. Бәсекеге әрқайсысы 6 адамнан 6 команда қатысты. Тартысты өткен сайыста «СТВ» телеарнасы - бірінші, «Ел арна» телеарнасы - екінші, «Алматы» телеарнасы үшінші орын алды.