01:19, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Су-24 ұшқышының денесі Ресейге жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия әскери әуе күштеріне тиесілі F-16C жойғыш ұшағы атып түсірген Ресейдің Су-24М бомбалаушы әскери ұшағы экипажының командирі, подполковник Олег Пешковтың денесі ресейге жеткізілді.
Мәскеу түбіндегі Чкалов әуежайында мәйітті алып келген ұшақты РФ ҚМ басшысы Сергей Шойгу мен Ресейдің әскери-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы Виктор Бондарев қарсы алды.
Қаза тапқан соң Ресейдің батыры атағы берілген Олег Пешковқа құрмет қарауылы ротасы әскери құрмет көрсетті, деп жазады Би-би-си.
РФ ҚМ мәліметі бойынша, Олег Пешковтың денесі отбасы мүшелерінің өтініші бойынша Липецкте жерленеді.