Су-27 экипажы ұшқыштары мүрделерінің бөліктері табылды - Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздестіру жұмыстарының барысында 23 қыркүйек күні Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын басқарған ұшқыштар подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың мүрделерінің бөліктері табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су-27 экипажы ұшқыштары мүрделерінің бөліктері табылды - Қорғаныс министрлігі

Қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысының қорытындылары бойынша хабарланады.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Экипаж құрамында - подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов болды.