Су-27 ұшағының апаты салдарынан «Русские витязи» тобының командирі Игорь Ткаченко қаза тапты

АСТАНА.  Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат   Мәскеу түбіндегі Жуковскийде  апатқа ұшыраған  Су-27 ұшағының  бір  ұшқышы  қаза тапты.   Мәскеу облысының  құқық қорғау  органдарынан  хабарлағанындай, «Русские витязи» тобының командирі Игорь Ткаченко  опат болды,

Су-27 ұшағының апаты салдарынан  «Русские витязи» тобының   командирі Игорь Ткаченко   қаза тапты

деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ресей Президенті Дмитрий Медведев  қайғылы қазаға байланысты  Игорь Ткаченконың туған-туыстары мен жақындарына    көңіл  айтты.  Бұл туралы   Ресей Президентінің  баспасөз қызметінен хабарлады.

«Русские  витязи»   пилотажды  тобының   екі Су-27   жоюшы  ұшағының апаты    кеше,   тамыздың 16-сында   «МАКС-2009»  көрмесіне дайындық  өтіп жатқан  «Раменское»  аэродромында    орын алды.  Бұл оқиға   бойынша   Жуковский әскери    прокуратурасы  тексеру  жүргізуге кірісті.