«Су-27» ұшағының «қара жәшігі» табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2014 жылғы 25 қыркүйекте Су-27 ұшағы құлаған жерде екі борттық тіркеуші табылды. Біреуі - ұшу параметрлерін, яғни ұшақтың техникалық жай-күйін жазатын, екіншісі - сөйлеген сөздерді жазатын тіркеуші.

«Су-27» ұшағының «қара жәшігі» табылды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Экипаж құрамында - подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов болды.