Су астында қалған үйлер азайған жоқ

тасқынмен күрес
Фото: ТЖМ видеосынан кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірқатар аймағында су тасқынының беті қайта бастады. Десе де кейбір өңірлерде үйлер әлі су астында. Бүгінде Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың көмегімен 100-ден астам үйде және 10 бизнес нысанында су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында да су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.

«Республика бойынша 8 615 тұрғын үй және 2 994 аула аумағында судың бағыты бұрылып, су сорылды. 49 819 адам өз үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жалпы саны 14 409 адам, 1 413 техника, 311 су сору құралы, 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда Жайық суы ең жоғары деңгейге көтерілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар