Су басқан 410 үй мен ауладан 1,1 миллион текше метрден астам су шығарылды - ТЖМ

су тасқыны
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқыны жағдайы - ерекше бақылауда, деп хабарлады бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бапасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1 - 10 мамыр аралығында Қызылжар ауданы Тепличный ауылында тәулік бойы су сору жұмыстары жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Су басқан 410 үй мен ауладан 1,1 миллион текше метрден астам су шығарылды.

ТЖМ құтқарушылары су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар