Су басқан өңірлерде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүріп жатыр

Су тасқыны
Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Өңірлердегі су тасқынына байланысты өзендер мен су бекеттерінің геодезиялық жағдайы тексеріліп жатыр. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен мәлімдегендей, Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке геодезиялық компаниялардың мамандарынан штаб құрылған. 

«Геодезияшылар тобы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы Орал, Атырау қалаларында және Январцево, Көшім, Тайпақ, Индербор, Махамбет, Еркінқала, Жаңаталап ауылдарында су бекетінде геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің 6 бақылау-өлшеу станциясын үйлестіру жұмыстары жүргізіп жатыр», - деді Альбина Әтен ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сондай-ақ, Жайық өзені бойындағы автомобиль жолдары, су тасқынынан қорғау бөгеттері мен құрылыстарға геодезиялық өлшеу жүргізіледі. 

«Атқарылған іс-шаралардың қорытындысы бойынша су тасқыны қаупінен қорғалмаған учаскелерді айқындап, қайта нығайту қажет», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар