Су басып қалған шахтада 12 кенші опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия билігі шахтаны су басып қалуы салдарынан көмір шахтасында жұмыс істеп жатқан 12 кеншінің қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Reuters.
Оқиға Колумбияның солтүстік-батысындағы Амага қаласында шахтада орын алған. Жас шамасы 23 пен 55 жас аралығындағы 12 ер адам ажал құшқан.
«Ол кеншілердің аман қалуы екіталай», - дейді қаланың қоршаған ортаны қорғау және тау-кен ісі саласы басқармасының басшысы Карлос Усма.
Айта кетейік, Колумбияда 14 мыңнан астам шахта жұмыс жасайды, олардың жартысынан көбінің сәйкес рұқсаттары жоқ.