Су добынан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының соңғы жолдамасына таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Су добынан 5-17 ақпан күндері аралығында Қазақстан құрамасы Қатар астанасы Дохада Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынатын әлем біріншілігіне қатысады.

Азия ойындары
Фото: olympic.kz

ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған біріншілікте 4 жолдама сарапқа салынып, өз иелерін табады.

Жарысқа жалпы 16 команда қатысады. Қазақстан құрамасы Д тобында Румыния, Италия, Венгрия құрамаларымен бірге сынға түседі.

Ал әйелдер арасында 4-16 ақпан күндері аралығында 2 жолдама ойнатылады.

16 команда бақ сынайтын біріншілікте Қазақстан құрамасы А тобында Бразилия, АҚШ, Нидерланд құрамаларымен өзара сынға түседі.

Жалпы Париж Олимпиадасында ерлер 12, әйелдерден 10 құрама бақ сынайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралғында өтеді.

Соңғы жаңалықтар