Су добынан әлем чемпионаты: Қазақстандықтар Нидерланд құрамасынан жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Дохада Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын әлем біріншілігінде су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші ойында Нидерланд құрамасына жол берді.

Нидерланд
Фото: Kazinform

Жерлестеріміз топтық кезеңнің 2-турында өткен жылғы әлем чемпионы Нидерланд командасымен өзара сынға түсіп, 27:4 (6:0, 4:1, 8:3, 9:0) есебімен жеңілді.

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 8 ақпанда АҚШ ойыншыларына қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз аталған әлем біріншілігінің алғашқы ойынында Бразилия құрамасынан 10:10 (1:2, 2:2, 5:3, 2:3) есебімен тең түсіп, буллит сериясы бойынша 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

2023 жылғы өзгеріс бойынша, топтық кезеңде тең түскен жағдайда жеңімпаз буллит сериясы арқылы анықталады.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы А тобында Бразилия, АҚШ, Нидерланд құрамаларымен өзара сынға түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар