Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тараз командасы су добынан әйелдер арасында ел чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM- Тараз қаласында су добынан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

ватерпол
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ел біріншілігінде Қазақстанның әр өңірінен үздік командалар бас қосты.

Финалда Тараз және Алматы құрамалары өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Тараз командасы ел чемпионы атанды.

Ал Алматы командасы екінші орынға ие болса, Астана үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, осыған дейін Азия ойындарының медальдары таныстырылған болатын.