Су добы: Қазақстан құрамасы Италия спортшыларына есе жіберіп алды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында төртінші кездесуін Италиямен өткізген су полосынан Қазақстан құрамасы 9:6 есебімен жеңіліс тапты.
None
None

Қазақстан командасы сапынан Сергей Губарев, Равиль Манафов бір-бір голдан салса, Евгений Жиляев пен Алексей Шмидер екі реттен көзге түсті. 

Лондон Олимпиадасында Қазақ елінің намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз мұның алдында Грекия, Испания және Австралия құрамаларымен кездесу өткізіп, қарсыластарына есе жіберген болатын. Келесі матч 6 тамызда Хорватия құрамасымен өтеді.

Еске сала кетейік, біздің ватерполшылар А тобында Испания, Хорватия, Италия, Австралия, Грекия құрама командаларымен бір топта өнер көрсетуде. Әзірше топ көшінде 8 ұпаймен Хорватия құрамасы көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар