Су добы: Қытайдағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар ұпай жоғалтуда
АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Шанхай қаласында су спорты түрлерінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
16 шілде күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде қазақстандық су добы шеберлері топтық кезеңдегі алғашқы 4 ойында да жеңіліс тапты. Сергей Дроздов жаттықтыратын ерлер құрамасы Испанияға 5:18, ал Венгрияға 5:16 есебімен ұтылды. Енді Нидерланд пен Венгрияға есе жіберген әйелдер құрамасы ақырғы ойынын АҚШ, ал ерлер құрамасы Черногория спортшыларымен өткізеді. Одан кейін өз тобында алғашқы үштікке енгендер негізгі сында 1-12-ші орындарға, ал 4-орын алғандар 13-16-шы орындарға таласады. Ақтық сындар онда 30 шілде күні өтеді.