Су добы шеберлері олимпиада жолдамасы үшін бақ сынайды
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 25 қаңтар күні Жапонияның Чиба қаласында су добынан Азия чемпионаты басталады.
«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, бұл додада олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Сары құрлыққа берілер бірегей жолдамаға Қазақстанның спортшы жігіттері мен қыздары да таласпақ.
Қыздар арасындағы додаға тек үш команда ғана келетін көрінеді.