Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар екінші жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық доданың екінші кездесуінде қазақстандық спортшылар Үндістаннан 17:4 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын Таиландты 15:4 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді ел құрамасы 10 қарашада - Иран, 11 қарашада Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатында 2012 жылы чемпион атанса, 2009 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алды.

Сондай-ақ еліміздің әйелдер құрамасы бүгін, 9 қарашада Қытаймен ойнайды. Олар бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 25:5 есебімен жеңген болатын.

Құрлықтық дода әлем чемпионатына іріктеу сатысы болмақ. Әлем чемпионаты 2023 жылдың 14-30 шілде аралығында Жапонияның Фукуоке қаласында өтеді.


Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар