Су добынан Қазақстан ерлер командасы әлемдік лиганың суперфиналына өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан ерлер командасы әлемдік лига аясындағы турнирді 4-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қола медаль үшін өткен матчта қазақстандықтар Канадаға 4:9 есебімен жол берді.
Десе де, бұл әлемдік лиганың суперфиналына өту үшін кедергі емес.
Қазақстан ерлер командасы 18-23 маусым аралығында Сербияның Белград қаласында өтетін Әлемдік лиганың суперфиналына жолдама алды.
Қазақстан әйелдер командасы аталған сында алтыншы орын иеленген болатын.
Әлемдік лига аясындағы Интерконтинентальді турнир Австралияның Перт қаласында өткенін естеріңізге саламыз.