Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік лиганың суперфиналында қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты

Қазақстандық ватерполшылар Греция командасынан 11:25 ұпаймен жеңіліп қалды. Бұған дейін олар АҚШ (2:20) пен Испания (11:20) командаларынан жеңілген . Әйтсе де, турнир регламенті бойынша, A және B топтарындағы командалар автоматты түрде ¼ финалға жолдама алады.

Қазақстан құрамасының ширек финалға соңғы, төртінші орында шыққанына қарамастан, онда оған қатарынан үш рет жеңген А тобының көшбасшысы – Канадамен ойнау керек. Матч бүгін болмақ. Ширек финалдағы басқа жұптар мынадай: Ресей – Греция, Жапония – АҚШ, Венгрия – Испания.