Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Гуанчжоудағы Азия ойындарында күмістен алқа тағынды
БЕЙЖІҢ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды.
Бірінші орын үшін бәсекеде қазақстандық арулар Қытай құрамасына 5:13 есебімен есе жіберіп , екінші орынды місе тұтты.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында - 17 медаль: екі алтын, алты күміс пен тоғыз қола жүлде. Қытай командасы оқ бойы алда келеді, оның активінде 163 марапат бар, оның 91-і алтын. Екінші және үшінші орындарда - Жапония (91-17) мен Оңтүстік Корея (79-28).