Су қайнатқышты жұтып қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск клиникалық ауруханасының дәрігерлері су қайнатқышты жұтқан адамды құтқарды.

Су қайнатқышты жұтып қойды

Аурухананың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл адамды 18 желтоқсанда санитарлық авиация бригадасы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның өңешінде ірі заттың тұрып қалғанын аңғарған. Оны алмаған жағдайда науқастың ажал құшуы ықтимал еді.

Рентген зерттеулері науқастың өңешінде су қайнатқыш тұрып қалғанын көрсеткен. Әдетте өңештің диаметрі қалыпты жағдайда 2-3 сантиметр болса, су қайнатқыш оны 4-5 есеге созған. Оны алып шығу қиынға соқты.

ЛОР-дәрігерлердің көмегімен бұл зат регидті эзофагоскопия әдісімен алынды. Оған 20 минуттай уақыт кетті. Сол күні-ақ науқас тамақтана алды, ал келесі тәулікте ауруханадан шығарылды.

Науқас су қайнатқышты абайсыздан жұтып қойғанын алға тартқан.