Су қорғау аумағында орналасқан мемлекеттің жеке меншігіндегі жер заңсыз сатылып кеткен

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке адамдардың мүдделеріне заңсыз қолдау көрсету басқа салаларда да орын алған.

Су қорғау аумағында орналасқан мемлекеттің жеке меншігіндегі жер заңсыз сатылып кеткен
Бұл туралы журналистерге Бас прокуратураның ресми өкілі апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Орал табиғат қорғау прокурорының тексеру материалдары бойынша Батыс Қазақстан облысының қаржы полициясы Теректі ауданының Подстепновский ауылдық округінің әкімі Ермековке өкілеттік қызметін теріс пайдалану және қызметтік лауазымды асыра пайдалану оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ермеков 2006 жылы лауазымды өкілеттігін асыра пайдалана отырып, жеке кәсіпкер Логиновтың мүддесі үшін су қорғау аумағында орналасқан мемлекет меншігіндегі көлемі 12 гектар жер телімін демалыс кешенін салу үшін жекеменшікке беру туралы шешім шығарған. Теректі ауданы сотының үкімімен Г.Ермеков 1 жылға бас бостандығынан айырылды.