Су қоймалары егін науқанына дайын ба – министрліктің жауабы

су
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірнеше өңірінде су қоймалары мен каналдар жазғы маусымға дайындалып жатыр. Толығырақ Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтып берді.

«Суару маусымына дайындық аясында Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы 30 гидробекетке, оның ішінде Күрті су қоймасындағы гидробекетке де жөндеу жүргізілді. Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Шідерті лиманды суару жүйесіне су жіберуді жалғастырып жатыр. Бүгінде 40,4 млн текше метр су жиналып, 11,5 мың гектар лиман сағасы толтырылды. Сондай-ақ, Көлбай лиманды суару жүйесіне су жіберу жұмысы жүріп жатыр», - деді Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ-де өткен брифингіде.

Одан бөлек, аталған өңірде Беловод топтық су құбырында айналымды сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу, магистралдық желіні тексеру және қажет болған жағдайда құдықтардағы еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу үшін №1 сорғы стансасында бөгет салынып жатыр.

«Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін «Қазсушар» мекемесінің Түркістан облыстық филиалы мемлекетаралық «Ханым» каналының 15 мың текше метрден астам бөлігінде механикалық тазалау жұмысын жүргізіп, 17 мың текше метрден астам лай тұнбасы шығарылды. Сондай-ақ, Түркістан өңірлік филиалы «Найман» каналының 6 шақырым бөлігіне бетон төседі», - дейді спикер.

Соңғы жаңалықтар