Су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды. 

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

— «КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы — «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деген күдікке ілініп отыр, — делінген хабарламада. 

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған. Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.   

Айта кетелік Бас прокуратура мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктілерге қатысты түсінік берген еді.

Соңғы жаңалықтар