Су құбырларында орын алған апат салдарынан Алматының бірнеше көшесі суық сусыз қалды

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы су холдингі түнде су құбырларында орын алған апатты оқиғаның салдарынан қаладағы бірнеше көше бойындағы үйлерге суық су беруді уақытша тоқтатындығын хабарлады

Су құбырларында орын алған апат салдарынан Алматының бірнеше көшесі суық сусыз қалды

Түскі сағат 3:00-ге дейін жөндеу жұмыстары аяқталуы керек. Орын алған апаттың салдарынан Шаляпин-Абай-Саин-Момышұлы көшелері бойындағы үйлерге суық су беру тоқтатылған.

Алматы су холдингі уақытша орын алған келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.