Су құбырының зақымдануы салдарынан Астананың сол жағалауы сусыз қалды

АСТАНА.  Қыркүйектің   16-сы.  ҚазАқпарат  - Су құбырының  зақымдануы  салдарынан  Астананың  сол жағалауы  сусыз   қалды, 

Су құбырының  зақымдануы  салдарынан  Астананың  сол жағалауы  сусыз   қалды

деп    хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

«Елордалық  циркке  қарама-қарсы  Қабанбай  батыр   даңғылында,  құбыр төсеу   жұмыстары кезінде   диаметр 600 мм  су  құбыры  зақымданды»,  - деп хабарлайды  дерек көз.

Апатты  оқиға    сейсенбі күні сағат 16.00-ларда  болды.   Нәтижесінде   Достық ықшамауданындағы, Сауран және Сығанақ көшелеріндегі     бірқатар  үйлердің   тұтынушылары,  Шұбар шағын  ауданы мен  Комсомольский  кенті  жартылай  сусыз   қалды.

Төтенше  оқиғаның салдарын  жоюға «Астана Су арнасы»    кәсіпорнының   арнайы  бригадасы  жұмылдырылды.