Су полосы: Қазақстан Құрлықаралық кубокта Аргентинаны жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су полосынан Қазақстанның ерлер құрамасы Әлемдік лиганың Құрлықаралық кубогында Аргентинаны ұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

Су полосы: Қазақстан Құрлықаралық кубокта Аргентинаны жеңді

Ойын 8:8 есебімен аяқталды. Бірақ пенальтилер сериясында жерлестеріміз 12:9 есебімен басым түсті.

Бұл Қазақстанның Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы екінші жеңісі болды. Бұған дейін біздің жігіттер Канада құрамасын жеңген болатын.
Әлемдік лиганың Құрлықаралық кубок ойындары 8 сәуірге дейін жалғасады. Оған қатысушылар екі топқа бөлінген. Біздің спортшылар Жаңа Зеландия, Аргентина, Австралия және Канада өкілдерімен бірген А тобына түскен.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы В тобына АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландиямен бірге түсіп, Жаңа Зеландия құрамасын 19:5 есебімен талқандаған болатын.