Су полосынан Қазақстан құрамасы тағы да жеңіліс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстанның әйелдер мен ерлер құрамасы Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтіп жатқан Әлемдік лиганың Құрлықаралық кубогында тағы да жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су полосынан Қазақстан құрамасы тағы да жеңіліс тапты

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, жарыстың үшінші күні ерлер құрамасы Австралия командасынан 21:6 есебімен ойсырай ұтылса, әйелдер құрамасы қытайлық ватерполшыларға 9:6 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандастарымыз АҚШ құрамасына қарсы кездесуде 6:13 есебімен ұтылып қалса, алғашқы жарыс күні Австралия құрамасына 3:10 есебімен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.