Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, су саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін аталған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы бекітіледі. Бұл жұмыстар 2023-2029 жылдар аралығында жүргізіледі. Сонымен бірге, су саласындағы инновациялық пәндерді қоса отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылады. Су саласының сұранысқа ие пәндері бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғайтылады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған 6 жылдық тұжырымдамада.
Мұнымен қатар, жұмыс жоспарында баяндалғандай, келер жылдан бастап Ертіс, Деркөл, Елек, Есіл, Тобыл, Нұра, Шу, Селета, Қаратал, Топар, Сырдария, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің арнасы тазартылады. Олар тиісті өңір әкімдіктерімен бірлесе орындалады.
Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.