Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Сәтбаев атындағы канал үшін сатып алынған гидрокүштік жабдықтың бағасын жоғарылатып, 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен

Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды - Қаржы полициясы

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Арман Қумашевтың қамауға алынғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз.

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Қумашевқа қатысты «Сәтбаев атындағы канал» РМК сорғылық стансаларының негізгі технологиялық жабдықтарын қайта құруға бөлінген 4,8 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаржы полициясының араласуының арқасында аталған бюджет қаражатын ұрлауға жол берілмеді.

Сонымен қатар, оған қатысты заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған жұбайы және туысқандары арқылы жылжыйтын және жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы ұрланған бюджет қаражатын заңдастырды деген күдік тағылуда.

Аталған мүлікке тиым салу бойынша іс-шаралар қабылдануда.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметінен.