Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары мен «АККЕ Астана» ЖШС-нің директоры ұсталды - қаржы полициясы

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - 25 маусымда бюджет қаражаттарын жымқырды деген күдікпен Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Кумашев пен «АККЕ Астана» ЖШС-нің директоры Мұрат ұсталды.
None
None

Бұл ақпаратты Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері республиканың 7 облысында  орналасқан 36 су шаруашылығы жүйелерін тексеруге бөлінген 1,5 млрд. теңгені ұрлау фактісі бойынша Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің лауазымды тұлғаларына және «АККЕ Астана» ЖШС-нің басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Оларға айып тағылып, тұтқынға алу санкциясы сотқа жіберілді. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар