Су ресурстары комитетінің төрағасы А.Рябцевке қатысты ешқайда шықпау жөнінде шара қолданылды ? қаржы полициясы
АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевке қатысты ешқайда шықпау жөнінде шара қолданды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Естеріңізге сала кетейік, қаржы полициясы органдары осыған дейін А.Рябцевтің мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қамауға алынғандығын хабарлаған болатын. «А.Рябцевтің заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке 17 миллион теңгеге шығын келді» дейді ресми өкіл.Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасына қатысты ешқайда шықпау жөнінде шара қолдану оның жасының егделігіне және денсаулық жағдайына байланысты болып отыр.