Су саласында 56 млрд теңге тиімсіз жоспарланған – Жоғары аудиторлық палата

аудит
Фото: Алина Тулеубаева/ Kazinform

Мәжілісте су ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын таныстырған Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова су саласындағы қаржылық заң бұзу фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Kazinform.

«2022 жылдың аудиті оңтүстік өңірде су үнемдеу технологиялары 68 мың гектарға ғана немесе суарылатын алқаптың 5 пайызы ғана енгізілгенін анықтады. Соның өзі бір жылда 200 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берген», - деді ол.

Наталья Годунова Ауыл шаруашылы министрлігі мен Экология министрлігінің құрамындағы Су ресурстары комитетінің және «Қазсушар» мекемесінің жүргізген аудиттері аясында 68 млрд теңге бюджет ақшасы мен 693 млрд теңгенің активі қамтылғанын айтады.

«Осы аудит барысында 3 млрд 300 млн теңгенің қаржылық заң бұзу фактілері анықталды. Бюджет пен қарыздан тартылған 56 млрд теңге тиімсіз жоспарланып, тиімсіз игерілген. Сондай-ақ экономикаға 2,5 млрд теңгеге ысырап келген. Бүгінгі таңда бюджетке соның 51 пайызы, яғни, 1 млрд 700 млн теңгесі қайтарылды. Әкімшілік айыппұлдар салынды. Құқық қорғау органдарына 4 материал жолданды. Оның біреуі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы бір сот үкімі шығарылды», - деді Жоғары аудиторлық палата төрайымы.

Соңғы жаңалықтар
telegram