Су шаруашылығы комитетінің бухгалтерлік есебін біліктілігі жоқ қызметкер жүргізген - Есеп комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су шаруашылығы комитетінің бухгалтерлік есебін біліктілігі жоқ қызметкер жүргізген. Бұл жайында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің су шаруашылығын дамытуға бөлінген республикалық бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуына бақылау қорытындыларына арналған кезекті отырысында белгілі болды.

Су шаруашылығы комитетінің бухгалтерлік есебін біліктілігі жоқ қызметкер жүргізген - Есеп комитеті

«Отырыс барысында ҚР АШМ Су шаруашылығы комитетінде бухгалтерлік есептің мүлдем жоқ екендігі атап өтілді. Бухгалтер қызметі сәйкесінше біліктілігі жоқ қызметкерге жүктелген. Жалпы сомасы 407,6 млн. теңгені құрайтын дебиторлық және кредиторлық берешектің қысқартылу, есептік ақпараттардың бұрмалану, аяқталмаған құрылыс құнының және негізгі құралдардың 12 790,0 млн. теңгеге төмендетілу фактілері анықталды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, комитеттің заңгерлік қызметінің жұмысы әлсіз ұйымдастырылуы салдарынан жұмысты жүрдім-бардым істеген мердігерлерге қатысты талап арыздар дер уақытында берілмей, бірнеше мәрте сотқа келмей қалу фактілері орын алған. Нәтижесінде комитеттің 19 талап арызы сотта қаралмай қалған.