Су шаруашылығы жөнінде ақпараттық орталық құрудың маңызы зор

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Су шаруашылығы және желілерді мелиорациялау жөніндегі республикалық және өңірлік ақпараттық орталықтарын құрудың маңызы зор.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сауармалы егін шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың жолдары» атты тақырыпта өткен жиын барысында Палата Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Cенатордың айтуынша, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер көбінесе өз саласының өндірісі мен агробизнесті жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қызметтерді қажет етеді. Ал ауылдағы консультациялық қызметтердің дамымауы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бәсеңдету факторы болып табылады.

«Сондықтан су шаруашылығы мен желілерді мелиорациялау жөніндегі республикалық және өңірлік ақпараттық орталықтарын құрудың маңызы зор. Бұлар нарықтық ақпаратты тек қана жинап, талдаумен шектелмей, озық жаңалықтарды су шаруашылығы компаниялары мен суды пайдаланушылар арасында таратумен айналысуы тиіс», деді М. Көпеев.

Соңғы жаңалықтар