Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелері бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Үкіметтің 2010 жылғы маусымның 7-сіндегі №521 Қаулысымен «Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелері» бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау   ережелері  бекітілді

«1998 жылғы шілденің 9-ындағы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-ші бабы 1-ші тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережелерін бекітуді қаулы етеді», делінген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойған қаулыда.

Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ беттерінде жарияланады.