Су спорты түрлерінен Азия чемпионатының алауы жағылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен XI Азия чемпионатының алауы тұтанды.
ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған Сарықұрлық додасында жүлделер жүзу, суға секіру, әртістік жүзу және су добы бойынша сарапқа салынады.
Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысады. Бүгін құрлықтық доданың ашылу салтанаты өтті.
Еліміздің көк байрағын ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Әділбек Мусин алып шықты.
Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.
Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері (ересектер):
26-29 ақпан, жүзу:
Әділбек Мусин
Аделаида Пчелинцева
Ксения Игнатова
Арсен Қожахметов
Софья Сподаренко
Егор Попов
Максим Сказобцев
Егор Василенко
Даниэла Дю
Даниил Черепанов
Диана Тасжанова
26 ақпан - 1 наурыз, суға секіру:
Кирилл Новиков
Диана Жұмағұлова
2-6 наурыз, әртістік жүзу:
Ясмин Тұяқова
Арина Пушкина
Анна Павлетцова
Валерия Столбунова
Артур Майданов
Карина Магрупова
Жаклин Якимова
Арина Мясникова
Дарина Валиуллина
3-9 наурыз, су добы:
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары