Су спортынан 2029 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – 2029 жылғы су спорты түрлерінен әлем чемпионаты қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін болды.Бұл туралы халықаралық жүзу федерациясы FINA ресми түрде мәлім етті.

су спорты
Фото: FINA

«Бейжің 2029 жылы су спортынан әлем чемпионатын қабылдайды. Қытай бұл әлемдік біріншілікті жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынына сенімдіміз. Қытай бұл мүмкіндік дауыс беру қорытындысының нәтижесінде жеңіп алды. Бейжің жазғы Олимпиада ойындарын, қысқы Олимпиада ойындарын және көптеген ірі халықаралық спорттық іс-шараларды сәтті өткізді және іс-шараларды өткізуде бай тәжірибесі бар. Жүзу үшін танымал қала ретінде Бейжің бұған дейін көптеген FINA жүзу, суға секіру, синхронды жүзу және су добы жарыстарын өткізген», - делінген хабарлмада.

спорт
Фото: FINA

 

Су спорты бойынша әлем чемпионаты – FINA ұйымдастыратын, әлемдік жүзудің ең жоғары деңгейін білдіретін әлемдегі ең үздік жүзу жарысы. Ол алты негізгі жарыстан тұрады: жүзу, суға секіру, синхронды жүзу, су добы, ашық суда жүзу және биік платформаға секіру.

Айта кетейік, су спорты түрлерінен әлем біріншілігі 2025 Сингапурда, 2027 жылы Будапештте өтеді.